Facebook, Inc. US30303M1027 (US_FB__) облигациялары KASE ресми тізімінің KASE балама сауда-саттық алаңының "стандарт" санаты А сыныбына 06 наурыздан бастап енгізілді

06.03.19 17:51
/KASE, 06.03.19/ – Бұрын хабарлағандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқармасының 2019 жылдың 05 наурызындағы шешімімен Facebook, Inc. (АҚШ) US30303M1027 (US_FB__) жай акциялары KASE ресми тізімінің балама сауда-саттық алаңының "стандарт" санаты А сыныбы бойынша енгізуге келісім берілді. Басқарманың аталмыш шешімі аталмыш акциялардың шығарылымынң бастамашысы "Фридом Финанс" АҚ (Алматы) болуына байланысты, Листингілік ережелерінің 5 тарауының 1 тармағы 2.3 қосымшасында анықталған шарттары 2019 жылдың 06 наурызынан бастап, күшіне енгізілді. Аталмыш облигациялардың биржадағы сауда-саттығы ашылғаны туралы қосымша хабарланады. Аталмыш облигацияларға тиісінше US_FB__. қысқартылған белгілері (сауда-саттық кодтары) берілді. Аталмыш облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпаратпен KASE интернет-сайтында http://kase.kz/ru/issuers/US_FB__/ мекен-жайында танысуға болады. [2019-03-06]