ҚАЗАҚСТАН ҚОР БИРЖАСЫНДА ЕУРОПАЛЫҚ ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМУ БАНКІ XS1957561555 (EBRDK280226) ЖЕТІ ЖЫЛДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОБЛИГАЦИЯЛАРЫН ЖЫЛДЫҚ 1,0 % МАРЖАМЕН ОРНАЛАСТЫРЫП, ЖАЗЫЛЫМ АРҚЫЛЫ 20,0 МЛРД ТЕҢГЕНІ ТАРТТЫ
28.02.19 18:48
/KASE, 04.03.19/ – Бұрын хабарлағандай, 2019 жылдың 26 ақпанында
Қазақстан қор биржасы (KASE) Қазақстан қор биржасы "Жазылым" сауда-
саттық жүйесі модулінде Еуропалық қайта құру және даму банкінің
XS1957561555 (EBRDK280226, 1 000 тенге, 20,0 млрд тенге, 28.02.19 –
28.02.26, инфляция деңгейі бойынша индекстелген жартыжылдық купон,
инфляция+маржа, actual/360) халықаралық облигацияларын алғашқы рет
жазылым жүргізу арқылы орналастырылады.
Аталмыш ноттарға жазылым жүргізу кезінде сатушы ретінде АО "Tengri
Capital MB" АҚ қатысады.
Орналастырылған облигациялардың номиналдық көлемі – 20 000 000 000
теңге (20 000 000 данаға дейін номиналдық құны 1 000 теңге). Өтінімде баға
ретінде екінші ондық белгісіне дейін дәлдікпен көрсетілген,
облигациялардың номиналдық құнынан жылдық пайызбен көрсетілген
тұрақты маржа мәні көрсетілген, нарықтық өтінімдер жағдайында баға
ретінде "нарық бойынша кірістілігі" көрсетілді, қаржы құралдарының саны
ретінде – данамен облигациялар саны көрсетілді. Жазылым жүргізу
шарттарында сатып алушылар үшін берілген өтінімдердің санына шектеу
қойылған жоқ.
Барлығы сауда-саттық жүйесіне номиналдық көлемі 20 млрд теңгеге
облигацияны сатып алуға он шектеулі өтінім берілді, олар өтінімдерді жинау
аяқталу сәтінде белсенді деп танылды. Берілген өтінімдерде маржа
мөлшерлемесі жылдық 1,00 % құрады.
Орналастыру нәтижесі бойынша барлық өтінім толық көлемде
қанағаттандырылды. Маржа мөлшерлемесі берілген өтінімдерде жылдық
1,00 % құрады.
"Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" (Алматы) мәліметтеріне сәйкес
барлық мәмілелер аталмыш ноттарға жазылым нәтижелері бойынша
аталмыш ақпарат жарияланған сәтте есептелді, жазылым аяқталды.
[2019-03-04]