/KASE, 04.03.19, 01.03.19 жаңалығын қайталау/ – Бұрын хабарлағандай,
бүгін Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлайды: KASE сауда-саттық
жүйесінде Еуразиялық даму банкі нің KZ2D00005808 (KASE ресми тізімі,
"халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" санаты,
EABRK050619) төменде берілген шарттар бойынша (алматы уақытымен)
арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі.
---------------------------------------------------------------------
Бағалы қағаздар тұрпаты: дисконттық
облигациялар
ISIN: KZ2D00005808
KASE сауда-саттық коды: EABRK050619
Номиналдық құны, теңге: 1 000,00
Шығарылым көлемі, млн теңге:
– тіркелген: 10 000 000 000
– орналастырылған: –
Айналыста болудың алғашқы күні: облигацияларды
орналастыру бойынша
алғашқы аукцион
қорытындысы бойынша
анықталады
Айналыста болудың соңғы күні: кейінірек анықталады
Өтеудің басталу күні кейінірек анықталады
Айналыста болу мерзімі: 91 күн
Уақыттық базасы: actual/365
--------------------------------------------- -----------------------
Сауда-саттық күні: 05.03.19
Номиналы бойынша жарияланған көлемі, 10 000 000 000
млн.теңге:
Лот көлемі, дана 1
Сауда-саттық заты: "таза" бағасы
Сатуға өтінім түрлері: шектелімді
Нарықтық өтінімдерді қанағаттандыру дәрежесі, 0
%:
Өтінім беру тәсілі: жабық
Өтінімдерді қабылдау уақыты: 10:00–13:30
Өтінімдерді растау уақыты: 10:00–14:00
Кесім уақыты: 15:00 (Т+0)
Төлем уақыты: 06.03.19, 14:00 (Т+1)
Өтінімдерді қагағаттандыру тәсілі: кесімді баға бойынша,
өтінімдер қарсылама
өтінімдердің көлеміне
пропорционалды
қанағаттандырылады
Өтінімдерді кесімдеу әдістемесі: бағалары кесімді бағаға
тең немесе одан жоғары,
өтінімдер кесімделеді
Сауда-саттық өткізу бастамашысы: Еуразиялық даму банкі
Сауда-саттық жүйесі секторы Int_Debts_List_
Сауда-саттық жүйесі тобы Int_Debts_List_
---------------------------------------------------------------------
Өтінімде баға ретінде, бағалы қағаздың номиналды құнынан пайызбен
көрсетілген, үтірден кейінгі төртінші таңбаға дейін дәлдікпен облигацияның
"таза" бағасы көрсетілуі тиіс.
Өтінімдегі қаржы құралдарының саны ретінде облигациялардың саны
данамен белгіленуі тиіс. Қаржы құралдарының саны өтінімде лот көлеміне
тең немесе лот көлеміне бөлінетін болуы тиіс.
Өтінім көлемі ретінде өтінімде көрсетілген бір облигацияның номиналдық
құнында көрсетілген облигациялар санының туындысы көрсетілуі қажет.
Мәміле көлемі Облигациялардың кірістілігін және облигациялармен
мәмілелер сомасын есептеу Әдістемесінің 3 бөлімі 18 – тармағына сәйкес
есептеледі, ол
http://kase.kz/files/normative_base/bond_yield.pdf мекен-
жайында жарияланған.
Есептесулер "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ ережелер
жиынтығына сәйкес жүзеге асырылады. Бағалы қағаздардың сатып
алушысы сатып алынған бағалы қағаздарға төленетін ақшаның кестеде
көрсетілген уақытқа дейін "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ
корреспонденттік шотында бар болуын қамтамасыз етуі тиіс.
Сауда-саттыққа қатысуға тек KASE қор нарығының мүшелері өтінімдер бере
алады. Өзге инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтінім бере алады.
KASE қор нарығы мүшелерінің толық тізімі
http://www.kase.kz/kz/membership
мекен-жайы бойынша жарияланған.
Аталмыш облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат
http://kase.kz/ru/issuers/EABR/ мекен-жайында жарияланған.
[2019-03-04]