28 ақпаннан бастап Еуропалық қайта құру және даму банкінің XS1957561555 (EBRDK280226) халықаралық облигациялары KASE ресми тізіміне "Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" санаты бойынша енгізілді
28.02.19 11:04
/KASE, 28.02.19/ – Бұрын хабарланғандай, Қазақстан қор биржасы (KASE)
Басқармасының 2019 жылдың 25 ақпанындағы шешімімен Еуропалық
қайта құру және даму банкінің XS1957561555 (1 000 теңге, 20,0 млрд
теңге, 28.02.19 – 28.02.26, Қазақстандағы инфляцияның деңгейімен
индекстелген, жарты жылдық купон; actual/360) халықаралық
облигациялары KASE ресми тізіміне "Халықаралық қаржы ұйымдарының
бағалы қағаздары" санаты бойынша енгізілді.
Аталмыш облигациялардың шығарылым бастамашысы "Tengri Capital
MB" АҚ (Алматы) болып табылады.
Басқарманың аталмыш шешімі 2019 жылдың 28 ақпанынан бастап
"Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 2.5 қосымшасы 2 тарауы
2 тармағының 1) тармақшасының шарттарына сәйкес күшіне енеді.
Аталмыш облигациялардың сауда-саттығы ашылуы туралы қазақстан қор
биржасында қосымша жарияланады.
Осы облигацияларға EBRDK280226 қысқартылған белгісі (сауда-саттық
коды) берілді.
Аталмыш облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат KASE
интернет-сайтында жуырдағы уақытта жарияланады.
[2019-02-28]