26 ақпанда Қазақстан қор биржасында Еуропа қайта құру және даму банкі XS1957561555 халықаралық облигацияларына жазылым жүргізіледі

25.02.19 18:37
/KASE, 25.02.19/ – Қазақстан қор биржасы (KASE немесе биржа) өзінің сауда-саттық жүйесінде 2019 жылдың 26 ақпанында жазылым жүргізу арқылы Еуропа қайта құру және даму банкі XS1957561555 халықаралық облигацияларының бастапқы орналастырылуы жүзеге асырылады. Аталмыг облигацияларға жазылым жүргізгенде сатушысы ретінде "Tengri Capital MB" АҚ (әрі қарай – Сатушы) болады. Орналастырылатын облигациялардың саны – 20 000 000 000 дана. Өтінімде облигацияның бағасы ретінде, бағалы қағаздың номиналды құнынан пайызбен төртінші ондық таңбасына дейінгі дәлдікпен көрсетілген, облигацияның кірістілігі көрсетілуі тиіс. Нарықтық өтінім жағдайында баға ретінде "нарық бойынша кірістілігі" көрсетіледі. Қаржы құралдарының саны ретінде облигациялардың данамен саны теңгемен көрсетілуі тиіс. Минималды лот 1 000 000 000 теңгеге тең. Сатып алушылар үшін жазылым жүргізу шарттарымен облигациялардың максималды санына шектеу қойылмаған. Жазылым шегінде өтінімдерді қабылдау 2019 жылдың 26 ақпаны күні алматылық уақытпен сағат 11:00-дан бастап 13:00-ға дейін. (ALT). Жазылым аясында KASE сауда-саттық жүйесінде шектеулі және нарықтық өтінімдер қабылданады. Нарықтық өтінімдерді қанағаттандыру деңгейі – 30 %. Сатушыға биржа қабылдаған өтінімдерді ұсыну күні – 2019 жылдың 26 ақпаны. Сатушының биржаға қанағаттандырылған өтінімдерді ұсыну күні – 2019 жылдың 26 ақпаны; есеп айырысу күні - 2019 жылдың 28 ақпаны. Есептесулер "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ жүзеге асырылады. Жазылымға қатысу үшін өтінімдер тек "қор" санаты бойынша KASE мүшелері арқылы беріледі. KASE мүшелерінің санаттар бойынша толық тізімі http://kase.kz/ru/membership мекен-жайына жарияланған. Осы жазылымды жүргізу шарттарына сәйкес, аталмыш облигациялардың эмитентіне ашылатын, инвестор туралы қосымша ақпарат ретінде Жеке тұлғаның тегі, аты әкесінің аты (бар болса) немесе заңды тұлғаның атауы беріледі. Бағалы қағаздарға жазылым жүргізудің ережелері KASE интернет-сайтында http://kase.kz/files/normative_base/rules_ipo.pdf мекен-жайында жарияланған. [2019-02-25]