/KASE, 26.02.19/ – Қазақстан қор биржасы (KASE немесе биржа) өзінің
сауда-саттық жүйесінде жазылым жүргізу арқылы Халықаралық қаржы
корпорациясы халықаралық облигацияларының бастапқы
орналастырылуы жүзеге асырылады.
Аталмыш облигацияларға жазылым жүргізгенде сатушысы ретінде "Tengri
Capital MB" АҚ (әрі қарай – Сатушы) болады.
Орналастырылатын облигациялардың номиналды көлемі – 20 000 000 000
теңге.
Өтінімде облигацияның бағасы ретінде, бағалы қағаздың номиналды
құнынан пайызбен екінші ондық таңбасына дейінгі дәлдікпен көрсетілген,
тиянақталған маржаның мәні көрсетілуі тиіс. Нарықтық өтінім жағдайында
баға ретінде "нарық бойынша кірістілігі" көрсетіледі.
Қаржы құралдарының саны ретінде облигациялардың теңгемен көлемі
көрсетілуі тиіс. Минималды лот 1 000 000 000 теңгеге тең.
Жазылым шегінде өтінімдерді қабылдау 2019 жылдың 26 ақпаны күні
алматылық уақытпен сағат 11:00-дан бастап 13:00-ге дейін. (ALT). Жазылым
аясында KASE сауда-саттық жүйесінде шектеулі және нарықтық өтінімдер
қабылданады. Нарықтық өтінімдерді қанағаттандыру деңгейі – 30 %.
Сатушыға биржа қабылдаған өтінімдерді ұсыну күні – 2019 жылдың
26 ақпаны. Сатушының биржаға қанағаттандырылған өтінімдерді ұсыну күні
– 2019 жылдың 26 ақпаны; есеп айырысу датасы – 2019 жылдың
26 ақпаны. Есептесулер "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ
жүзеге асырылады.
Жазылымға қатысу үшін өтінімдер тек "қор" санаты бойынша KASE
мүшелері арқылы беріледі. KASE мүшелерінің санаттар бойынша толық
тізімі
http://kase.kz/ru/membership мекен-жайына жарияланған.
Осы жазылымды жүргізу шарттарына сәйкес, аталмыш облигациялардың
эмитентіне ашылатын, инвестор туралы қосымша ақпарат ретінде жеке
тұлғаның тегі, аты әкесінің аты (бар болса) немесе заңды тұлғаның атауы
беріледі.
Бағалы қағаздарға жазылым жүргізудің ережелері KASE интернет-сайтында
http://kase.kz/files/normative_base/rules_ipo.pdf мекен-жайында жарияланған.
[2019-02-26]