Freedom Holding Corp. Директорлар кеңесі Директорлар кеңесінің мүшесі етіп Б. Чердабаевты сайлады, компанияның жарғысын жаңа редакцияда мақұлдады және компания қызметі туралы ішкі ережеге түзетулерді бекітті

25.02.19 14:26
/KASE, 25.02.19/ – Аблигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған Freedom Holding Corp. (Солт-Лейк-Сити, АҚШ), Қазақстан қор биржасына (KASE), Директорлар кеңесінің 2019 жылдың 04 ақпанындағы шешімдері туралы хабарлады: - Б. Чердабаев Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайлансын; - Невада штатының мемлекеттік хатшысына компанияның жаңа редакциядағы жарғысын беру мақұлдансын; - Компанияның қызметі туралы ішкі жағдайы бекітілсін. Аталмыш ақпарат – http://kase.kz/files/emitters/US_FRHC/us_frhc_info_reshenie_sd_040219_19012019.PDF мекен-жайында жарияланған. [2019-02-25]