"Қазақтелеком" АҚ корпоративтік даулар бойынша іс қозғалғаны туралы хабарлады

14.02.19 14:37
/KASE, 14.02.2019/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақтелеком" АҚ (Астана), Қазақстан қор биржасына (KASE), 2019 жылдың 11 ақпанында Астана қалалық ауданаралық мамандандырылған экономикалық сотына Б.П. Жұмабаев берген талап арызы бойынша әрекетсіздікті даулау және мәміле жасауды мәжбүрлеу туралы іс қозғалғанын хабарлады – http://kase.kz/files/emitters/KZTK/kztk_corporate_dispute_case_110219_1333.pdf [2019-02-14]