ҚАЗАҚСТАН ҚОР БИРЖАСЫНДА АЗИЯ ДАМУ БАНКІ XS1937714597 (ASDBK300124) БЕС ЖЫЛДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОБЛИГАЦИЯЛАРЫН ЖЫЛДЫҚ 1,0 % МАРЖАМЕН ОРНАЛАСТЫРЫП, ЖАЗЫЛЫМ АРҚЫЛЫ 15,2 МЛРД ТЕҢГЕНІ ТАРТТЫ

28.01.19 17:47
/KASE, 29.01.19/ – Бұрын хабарлағандай, 2019 жылдың 22 қаңтарында Қазақстан қор биржасы (KASE) Қазақстан қор биржасы "Жазылым" сауда- саттық жүйесі модулінде Азиялық даму банкінің XS1937714597 (ASDBK300124, 1 000 теңге, 15 234 400 000 теңгеге дейін, 2022 жылдың 30 қаңтарындағы Эмитенттің колл-опционды белсендендіруін ескере отырып, 28.01.19 – 30.01.24, және облигациялар бойынша сыйақы төлеу күні, инфляция деңгейі бойынша индекстелген тоқсандық купон: инфляция+маржа, actual/360) алғашқы рет жазылым жүргізу арқылы орналастырылады. Аталмыш ноттарға жазылым жүргізу кезінде сатушы ретінде АО "Tengri Capital MB" АҚ қатысады. Жазылым арқасында өтінім қабылдау 2019 жылдың 22 қаңтарында алматы уақытымен 11:00 -ден 13:00-ге (ALT) дейін жүргізіледі. Орналастырылған облигациялардың номиналдық көлемі – 15 234 400 000 теңге (15 234 400 данаға дейін номиналдық құны 1 000 теңге). Жазылым аясында KASE сауда-саттық жүйесіне жабық тәсілмен берілген шектеулі және нарықтық өтінімдер қабылданды. Нарықтық өтінімдерді қанағаттандыру дәрежесі – 30 %. Өтінімде баға ретінде екінші ондық белгісіне дейін дәлдікпен көрсетілген, облигациялардың номиналдық құнынан жылдық пайызбен көрсетілген тұрақты маржа мәні көрсетілген, нарықтық өтінімдер жағдайында баға ретінде "нарық бойынша кірістілігі" көрсетілді, қаржы құралдарының саны ретінде – данамен облигациялар саны көрсетілді. Жазылым жүргізу шарттарында сатып алушылар үшін берілген өтінімдердің санына шектеу қойылған жоқ. Барлығы сауда-саттық жүйесіне 15 234 400 облигацияны сатып алуға үш шектеулі өтінім берілді, олар өтінімдерді жинау аяқталу сәтінде белсенді деп танылды. Берілген өтінімдерде маржа мөлшерлемесі жылдық 1,00 % құрады. Жазылым кезінде жиынтық сұраным 15,2 млрд теңгеге дейін жетті, ол ұсыным көлеміне 100 % құрады. Орналастыру нәтижесі бойынша өтінім толық көлемде қанағаттандырылды. Орналастыру көлемі бойынша өтнім толық көлемде қанағаттандырылды. Сонымен, эмитент жылдық маржаны 1,00 % көлемінде анықтап, 15 234 400 облигацияны орналастырып, 15 234 400 000,0 теңге тартты. "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" (Алматы) мәліметтеріне сәйкес барлық мәмілелер аталмыш ноттарға жазылым нәтижелері бойынша аталмыш ақпарат жарияланған сәтте есептелді, жазылым аяқталды. [2019-01-29]