"Қазхром" ТҰК" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2019 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

28.01.19 14:23
/KASE, 28.01.19/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Қазхром" ТҰК" АҚ (Актобе, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2019 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған KZ1C04180010 жай акцияларының жалпы саны 142 949 700 дана, KZ1P04180116 артықшылықты акциялар саны – 15 120 000 дана; - компанияның 99 953 939 жай акциялары және 9 884 812 артықшылықты акциялары орналастырылған; - компания өзінің 493 жай акциясын және 3 428 артықшылықты акциясын кері сатып алды; - компанияның орналастырылған акцияларының бес және одан аса пайызы көлеміндегі санына иеленген жалғыз тұлға KCR INTERNATIONAL B.V. болып табылады, оның меншігінде 109 130 168 (компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан 99,35%) соның ішінде компанияның 99 940 708 жай акциясы (компанияның орналастырылған жай акцияларының жалпы санынан 99,99%) және 9 189 460 артықшылықты акциясы (компанияның орналастырылған артықшылықты акцияларының жалпы санынан 92,97%) бар. [2019-01-28]