"Fincraft Capital" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2019 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
28.01.19 14:17
/KASE, 28.01.19/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде
тұрған, "Fincraft Capital" АҚ ("Fincraft Capital" АҚ, бұдан әрі – компания)
биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2019 жылдың 01
қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған KZ1C32750016 жай акцияларының жалпы саны 131 250
дана;
- компанияның 99 626 жай акциялары орналастырылған;
- компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған
акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар
санына иеленген жалғыз тұлға "БТА Банкi" АҚ болып табылады.
[2019-01-28]