"Фридом Финанс" АҚ өзінің KZ2C0Y03F091 (KZ2C00003440, FFINb1) облигацияларын өтегені туралы хабарлады

24.01.19 17:11
/KASE, 24.01.19/ - "Фридом Финанс" АҚ (Алматы) 2019 жылдың 23 қаңтарында өзінің KZ2C0Y03F091 (KZ2C00003440, FFINb1) облигацияларын өтегені, сондай-ақ, өтеу шегінде аталмыш облигациялар бойынша соңғы - купондық сыйақысын төлегені туралы Қазақстан қор биржасына (KASE) хабарлады. Аталмыш хабарламаға сәйкес аталмыш облигациялар бойынша төлемдердің жалпы сомасы 1 699 506 135,00 теңгені, соның ішінде негізгі қарыздың (облигациялардың жиынтық номиналды құнының) сомасы – 1 607 098 000,00 теңгені, купондық сыйақысы – 92 408 135,00 теңгені құрады. [2019-01-24]