"Fincraft" Инвестициялық үйі" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2019 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

17.01.19 15:29
/KASE, 17.01.19/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Fincraft" Инвестициялық үйі" АҚ ("Fincraft" Инвестициялық үйі" АҚ, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2019 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған KZ1C50590013 жай акцияларының жалпы саны 28 268 573 дана; - компанияның 27 595 700 жай акциялары орналастырылған; - компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға К.Х. Ракишев болып табылады. [2019-01-17]