"Қазақстан Халық Банкінің еншілес ұйымы "Халык - Казахинстрах" АҚ акционерлері компанияның ребрендингі туралы шешім қабылдады

16.01.19 16:30
/KASE, 16.01.19/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақстан Халық Банкінің еншілес ұйымы "Халык - Казахинстрах" АҚ (Алматы), Қазақстан қор биржасына 2018 жылдың 28 желтоқсанындағы акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының компанияның ребрендингін өткізу туралы және атауын "Халық" сақтандыру компаниясы" АҚ деп өзгерту жөніндегі шешімдері туралы хабарлады. Соынмен қатар, жарғыны, корпоративтік басқару кодексін, акционерлердің жалпы жиналысы туралы ережені, "Халық" сақтандыру компаниясы" АҚ директорлар кеңесі туралы жаға редакцияда қағидасын бекіту туралы және China Development Bank Corporation түсім кепілдігі туралы келісім-шарт жасау туралы шешімдер қабылданды. Данная информация размещена – http://kase.kz/files/emitters/KZIS/kzis_special_shareholders_meeting_results_281218_122.pdf [2019-01-16]