"AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2019 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

14.01.19 14:20
/KASE, 14.01.19/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)" АҚ (Алматы, бұдан әрі – банк) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2019 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - банктің жарияланған KZ1C00090015 жай акцияларының жалпы саны 19 000 000 дана; - банктің 16 904 064 жай акциялары орналастырылған; - банк өзінің 15 071 акциялары кері сатып алды; - банктің орналастырылған акцияларының бес және одан аса пайызы көлеміндегі санына иеленген жалғыз тұлға Н.С.Сұлтан болып табылады, оның меншігінде 16 888 265 жай акциясы (банктің орналастырылған акцияларының жалпы санынан 100,00% немесе орналастырылған жай акцияларының жалпы санынан 99,91%) бар. [2019-01-14]