2019 жылдың 04 ақпанында "AltynEx Company" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы болып өтеді

09.01.19 10:51
/KASE, 09.01.19/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "AltynEx Company" АҚ (Ақтөбе обл), 2019 жылдың 04 ақпанында сағат 13:00-де өз акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы болып өтетіні туралы биржаға хабарлады. Жиналыстың күн тәртібіне келесі мәселелер енгізілген: "Қоғамның Директорлар кеңесінің құрамының өкілеттігін тоқтату, Қоғамның Директорлар кеңесінің жаңа мүшелерін сайлау, Директорлар кеңесінің мүшелеріне өз міндеттерін орындағаны үшін сыйақы мен өтемақы төлеу шарттары мен көлемін анықтау". Хабарламаның толық мәтіні KASE интернет-сайтында жарияланды – http://kase.kz/files/emitters/ATEC/atec_other_accidents_291218_398.pdf [2019-01-09]