"Самұрық-Энерго" АҚ электр және көмір өндірудің 2018 жылғы жоспарын асыра орындады. Өндіруші кәсіпорындар қуат нарығында жұмыс істеуге дайын екендігі туралы хабарлады

29.12.18 13:03
/KASE, 28.11.18/ –Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Самұрық-Энерго" АҚ (Астана), Қазақстан қор биржасына баспасөз хабарламасын ұсынды: цитата басы Екібастұздағы «Богатырь Көмір» ЖШС-нің көмір кеніштерінен көмірдің соңғы 10 жыл ішіндегі рекордтық көлемі өндіріліп, тұтынушыларға жіберілді. Жыл соңына қарай кеншілер 45 млн. тоннаға жуық көмір жөнелтті, бұл кәсіпорынның өндірістік қуатынан асып түседі (42 млн. тонна). Жылдық жоспарды – 41,30 млн. тоннаны – олар 5 желтоқсанда орындап қойды. Қазақстанның энергия жүйелерінің көмірді тұтынуы күрт өсіп, «ГРЭС Топар» ЖШС-ға, «Павлодарэнерго» АҚ-ның Павлодар ЖЭО-2, 3 жоспардан тыс көмір жөнелтілуі және коммуналдық-тұрмыстық мұқтажды өтеуге көмірдің көп тиелуі оның биыл өндіру және сату көлемінің ұлғаюына себеп болды. «Богатырь Көмірдің» кеніштерінен алынатын көмір Қазақстан мен Ресейдің электр және жылу станциаларында отын ретінде, сондай-ақ коммуналдық- тұрмыстық мұқтажды өтеуге пайдаланылады. Оның негізгі пайдаланушылары – «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС және Рефтинск ГРЭС, оларға жөнелтілетін көмірдің үлесі 45%-тен асады. «Богатырь Көмір» ЖШС-ні «Самұрық-Энерго» АҚ мен ресейлік «РусАл» БК тең негізде басқарады. Компания Қазақстанның Павлодар облысындағы «Богатырь» және «Северный» кеніштерінде көмірді ашық әдіспен өндіреді. «Богатырь Көмір» ЖШС-ның баланстық қоры 2,75 миллиард тоннаны құрайды. Кәсіпорынның өндірістік қуаты – жылына 42 млн. тонна көмір өндіру, соның ішінде «Богатырь» кеніші бойынша – 32 миллион тонна, «Северный» кеніші бойынша – 10 миллион тонна. «Самұрық-Энерго» АҚ – Қазақстандағы аса ірі электр энергетикалық холдинг, акцияларының 100%-ы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға тиесілі. 2007 жылы құрылған. Жұмысының негізгі бағыттары: электр және жылу энергиясын өндіру; электр энергиясын жеткізу, бөліп-тарату және сату; энергетикалық көмір өндіру. Холдингтің құрамына энергия және көмір өндіру кәсіпорындары, соның ішінде: «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Алматы электр станциялары» АҚ, «О.Д. Қантаев атындағы Мойнақ су электрстанциясы» АҚ, «Шардара СЭС» АҚ және т.б. кіреді. цитата соңы [2018-12-29]