/ҚАЙТАЛАУ/ "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ 2019 жылдың 01 қаңтарынан бастап бағалы қағаздардың халықаралық сәйкестендіру номерін (ISIN коды) пайдаланатыны туралы хабарлайды

28.12.18 12:22
/KASE, 28.12.18/ – "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ (Алматы) Қазақстан қор биржасына (KASE) төмендегі ақпараттық хабарламаны ұсынды: ... 2019 жылдың 01 қаңтарынан бастап бағалы қағаздардың халықаралық сәйкестендіру номерін беру туралы. Қазақстан Республикасының "Бағалы қағаздар нарығы туралы" заңдарына сәйкес 2019 жылдың 01 қаңтарынан бастап бағалы қағаздардың және басқа да қаржы құралдарының идентификаторы (ISIN коды), ISO 6166 "Securities and related financial instruments – International securities identification numbering system (ISIN)" халықаралық стандарттарына сәйкес "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ (әрі қарай - Орталық депозитарий) ұсынған халықаралық сәйкестендіру номері болып табылады. Орталық депозитарий айналымдағы ISIN кодтары жоқ барлық мемлекеттік және мемлекеттік емес бағалы қағаздарға ISIN кодтарын ұсынды. Ол туралы ақпарат Орталық депозитарий интернет-сайтында (www.kacd.kz) "Статистика" бөлімінде орналастырылған. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі бұрын ұсынған ұлттық сәйкестендіру номері 2019 жылдың 01 қаңтарынан бастап пайдаланылмайды. ... [2018-12-28]