"Байтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ KZ2C0Y15G093 (KZ2C00005718, BTRKb1) облигациялары KASE балама сауда-саттық алаңының "облигациялар" санаты бойынша листинг процедурасынан өтті

25.12.18 17:45
/KASE, 25.12.18/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2018 жылдың 25 желтоқсанында "Байтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ (Астана) KZ2C0Y15G093 (KZ2C00005718; 1 000 теңге, 77,7 млрд теңге; 15 жыл; жартыжылдық купон, облигацияларды алғашқы орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізу қорытындысы бойынша; 30/360) облигациялары KASE балама сауда- саттық алаңының "облигациялар" санаты бойынша листинг процедурасынан өтті. Эмитенттің "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 2.2 қосымшасының 5 тарауы 1 тармағында анықталған шарттарды орындағаннан кейін күшіне енеді. Сондай-ақ, аталмыш акциялардың биржадағы сауда-саттығы ашылғаны туралы қосымша хабарланады. Аталмыш облигациялардың қаржылық кеңесшісі "Казкоммерц Секьюритиз" ("Казкоммерцбанк" АҚ ЕБ) (Алматы) (Алматы) болып табылады. Холдингтің негізгі қызмет түрі меншігіндегі тиесілі және ұлттық даму институтының, ұлттық компаниялар мен өзге заңды тұлғалардың сенімді басқаруға берілген акциялар пакетін (қатысу үлесі) басқару болып табылады. Аталмыш акцияларға тиісінше BTRKb1 қысқартылған белгілері (сауда- саттық кодтары) берілді. Аталмыш акцияларды шығару туралы нақты ақпарат Листингілік комиссияның аталмыш шешімі күшіне енген соң KASE интернет-сайтында жарияланады. [2018-12-25]