"SkyBridge Invest" АҚ "АстанаГаз КМГ" АҚ KZP01Y15G081 (KZ2C00005676; AKMGb1) облигацияларының дебюттік шығарылымын орналастырғаны туралы хабарлады

14.12.18 14:59
/KASE, 14.12.18/ – "АстанаГаз" АҚ KZP01Y15G081 (KZ2C00005676; AKMGb1) облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда- саттық жүргізу бастамашысы "SkyBridge Invest" АҚ (Алматы), Қазақстан қор биржасына (KASE) баспасөз хабарламасын ұсынды: ... 2018 жылдың 13 желтоқсанында "АстанаГаз КМГ" АҚ ұлттық валютамен номинацияланған бірінші шығарылым облигацияларын табысты орналастырды, жалпы көлемі 85 млрд. теңге, "Қазақстан қор биржасы" АҚ листингіден өткен. "АстанаГаз КМГ" АҚ – "Самұрық – Қазына" ҰӘҚ АҚ және Baiterek Venture Fund еншілес компаниясы, эмитенттің Fitch Ratings ұсынған халықаралық рейтингі "BВ" деңгейінде, болжам "Тұрақты" ұлттық ұзақ мерзімді рейтингі "А(kaz)". "SkyBridge Invest" АҚ андеррайтері және қаржылық кеңесшісі болып табылады. Өткізілген арнайы мамандандырылған сауда-саттық нәтижесінде облигациялар кірістілігі жылдық 10,0% деңгейінде анықталды. ... [2018-12-14] Толық ақпарат KASE интернет-сайтында – http://kase.kz/files/emitters/KZTK/kztk_other_doc_121218_11338.pdf мекен- жайында танысуға болады. [2018-12-13]