Банк ВТБ еншілес ұйымы (Қазақстан) АҚ "Qazaq Banki" акционерлік қоғамында орналастырылған жеке тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің салымшылары кепілдік берілген депозиттері бойынша агент-банк ретінде таңдалды

13.12.18 11:06
/KASE, 13.12.18/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, Банк ВТБ еншілес ұйымы (Қазақстан) АҚ (Алматы), Қазақстан қор биржасына төмендегі туралы хабарлады: цитата басы «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ өткізген конкурстың қорытындысы бойынша Банк ВТБ (Қазақстан) мәжбүрлеп таратылатын «Qazaq Banki» АҚ-да орналасқан жеке тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің депозиттеріне кепілдік өтемақы төлеу бойынша банк агент ретінде таңдалды. - Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мұндай жағдайларда тұрақты қаржы жағдайы бар, пруденциалдық нормативтерді бұзбаған, кең филиалдық желісі және инфрақұрылымы бар, Республика бойынша салымшыларға қызмет көрсететін, банк агент әрекет ете алады. Біз ҚДКБҚ өздерінің сенімділігі үшін алғысымызды білдіреміз, - деді Банк ВТБ (Қазақстан) басқарма төрағасы Дмитрий Забелло. цитата соңы Толық ақпаратпен KASE интернет-сайтында http://kase.kz/files/emitters/BVTB/bvtb_reliz_131218_kz.pdf мекен-жайында танысуға болады. [2018-12-13]