/ҚАЙТАЛАУ/ 14 ЖЕЛТОҚСАННАН БАСТАП FINEX FFIN KAZAKHSTAN EQUITY ETF ҚОСАЛҚЫ ҚОРЫНЫҢ БІРІКТІРІЛГЕН IE00BG0C3K84 (IE_FXBF) АКЦИЯЛАРЫМЕН САУДА-САТТЫҚ АШЫЛАДЫ

12.12.18, 16:34
/KASE, 12.12.18, 11.12.12 жаңалығын қайталау/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының 2018 жылдың 14 желтоқсанындағы шешімімен KASE қайталама нарық секторында FinEx Physically Backed Funds Plc (Ирландия) балама инвестициялық қоры шығарған FinEx FFIN Kazakhstan Equity ETF қосалқы қорының біріктірілген IE00BG0C3K84 (KASE ресми тізімі "инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, IE_FXBF) акцияларының сауда-саттығы ашылады. Аталмыш акциялардың KASE сауда-саттық жүйесіндегі номиналдан пайызбен көрсетілген, облигацияның бағасының екінші ондық таңбасына дейін қазақстандық теңгемен белгіленген. Аталмыш бағалы қағаздар 11 желтоқсаннан бастап Биржа клирингілік қызметті жүзеге асыратын мәмілелер бойынша қаржы құралдарының тізіміне енгізілген, сауда-саттық жартылай қамтамасыз етумен Т+2 сызбасы бойынша есептеулермен ашылатын болады. Аталмыш құрал еуропалық заңдарға сәйкес тіркелген, KASE Индексінде саудаланған биржалық саудаланған құралды ұсынады. Аталмыш акциялар шығарылымы бойынша толығырақ ақпарат KASE интернет-сайтында http://kase.kz/ru/issuers/IE_FXBF/ мекен-жайында жарияланған. [2018-12-12]