10 желтоқсаннан бастап Қазақстан қор биржасында АҚШ долларының теңгеге бағамына (F_USDKZT181219) апталық фьючерстің сауда-саттығы ашылды

10.12.18 10:23
/KASE, 10.12.18/ – Қазақстан қор биржасында (KASE) 2018 жылдың 10 желтоқсанынан бастап орындалуы 2018 жылдың 19 желтоқсанында АҚШ долларының теңгеге бағамына апталық фьючерстің сауда-саттығы ашылды. KASE сауда жүйесінде аталған апталық айлық келісімшартқа қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) F_USDKZT181219 берілген. Индекстер және бағалы қағаздарды бағалау комитетінің шешімімен жоғарыда аталған фьючерстерге алғашқы теориялық бағасы бір АҚШ долларына 370,94 теңге деп белгіленіп, KASE сауда-саттық жүйесінде жарияланған. Апталық фьючерспен соңғы сауда-саттық күні 2018 жылдың 14 желтоқсан болып табылады. Мерзімдік келісімшарттар бойынша сауда-саттық Биржада жұмыс күндері Алматы уақытымен 10:00 бастап 15:30 дейін, аталмыш сауда-саттық бойынша клирингілік сессия Алматы уақытымен 15:30 бастап 16:00 дейін өткізіледі Туынды қаржы құралдарының биржалық сауда-саттығына KASE деривативтер нарығының клирингілік қатысушылары қатыса алады, оладың тізімі KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/ru/membership/clearing_partcipants мекен-жай бойынша жарияланды. Биржадағы фьючерстер сауда-саттықтарының нәтижелері http://www.kase.kz/ru/fut мекен-жайында жарияланады. KASE деривативтер нарығының қызметін реттейтін, биржаның ішкі құжаттарының мәтіндері http://www.kase.kz/kz/rules_kase мекен-жайында ("Сауда-саттық" қалташасында) орналасқан. [2018-12-10]