ҚАЗАҚСТАН ҚОР БИРЖАСЫ 2018 ЖЫЛДЫҢ 01 ҚАРАШАСЫНАН 14 ЖЕЛТОҚСАНЫНА ДЕЙІН АКЦИЯЛАР НАРЫҒЫНДАҒЫ ЖЕКЕ ИНВЕСТОРЛАРДЫҢ АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТКІЗЕДІ

07.12.18 10:33
/KASE, 07.12.18, 01.11.18 жаңалығын қайталау/ – "Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE) 2018 жылдың 01 қарашасынан бастап 14 желтоқсанына дейін жеке инвесторлар арасында байқауы өткізілетіні туралы хабарлайды. Іс-шара Қазақстандағы биржалық сауда-саттықты әйгілі етуге бағытталған. Байқауға KASE қор нарығы мүшелерінің клиенттері болып табылатын жеке тұлғалар (брокерлер) қатыса алады.Конкурсқа қызметкерлері мен брокерлік компаниялардың қатысуына тыйым салынады. Байқауға қатысушылардың шартына сәйкес өту кезеңінде KASE Индексінің өкілеттік тізіміне енгізілген, акциялармен нақты сауда-саттыққа қатысады. Байқау өту кезінде қатысушылар көрсетілген акцияларды сатып алу және/немесе сатуға мәміле жасауды талап етеді. Байқауға қатысушы бір брокердің клиенті бола алады. Байқаудың жеңімпазы болып акциялармен мәміле жасау кезінде максималды табыс тапқан үш қатысушы танылады. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталады. Байқау туралы нақты ақпаратпен http://kase.kz/ru/events/show/contest/2018/ мекен-жайында танысуға болады. Конкурсқа қатысу үшін өтінімді KASE интернет-сайтында жоғарыда аталған мекен-жайда өзінің брокеріне нысаны бойынша жіберуге құқылы. Клиенттің конкурсқа қатысу туралы алған өтінімі негізінде брокер клиентті электронды тіркеуден өткізеді. Өтінім қабылдау 2017 жылдың 02 қазанынан 20 қарашасына дейінгі кезеңде жүргізіледі. Жеке инвесторлар арасында байқау өткізу ережесінің мәтіні – http://www.kase.kz/files/mix/pravila_konkurs.pdf мекен-жайында жарияланған. KASE мүшелерінің толық тізімі – http://www.kase.kz/ru/membership мекен- жайында орналасқан. Сауда-саттық регламенті және растау жүйесінің жұмысымен – http://www.kase.kz/files/normative_base/reglament_trade.pdf мекен-жайында танысуға болады. [2018-12-07]