07 ЖЕЛТОҚСАНДА KASE "KASE DAY IN ASTANA" ТАҢЕРТЕҢГІЛІК БИЗНЕС-АС ӨТКІЗЕДІ

05.12.18 11:51
/KASE, 05.12.18/ – Қазақстан қор биржасы (KASE немесе Биржа) 2018 жылдың 7 желтоқсанында Астана қаласында KASE қазақстан қор нарығының және Биржаның KASE 25 жылдығына арналған "KASE day in Astana" таңертеңгілік бизнес-ас өткізеді. Өтетін орны: Астана қ, Д. Қонаев көш-7, "Rixos President" қонақ үйі, "Shanyrak" залы. Өтетін мерзімі: 9.30-13.00 таңертеңгілік бизнес-ас аясында В Биржа стратегиясын жүзеге асыру мәселелері және алдағы үш жылдағы даму жоспары, Қазақстан қаржы нарығындағы ағымдық жағдай мәселелері қарастырылмақ. Іс-шарада сондай-ақ, Биржаның өнімдері мен қызметтері, Қазақстан қор нарығында бизнес үшін ашылатын жаңа мүмкіндіктері ұсынылмақшы. Аталмыш шара аясында сағат 11:30-да БАҚ үшін қысқаша медиа-брифинг өткізіледі. Онда Биржаның басшылығы биржалық (оның ішінде валюталық) нарықтың 2018 жылдың 11 айындағы KASE жұмысының алдын ала қорытындысы мен негізгі тенденциялары туралы әңгімелеп береді. Қатысушылар: - KASE Басқармасының Төрағасы - Алина Алдамберген; - KASE Басқармасы Төрағасының орынбасары - Андрей Цалюк; - KASE бизнесті дамыту жөніндегі басқарушы директоры, Басқарма мүшесі Қайрат Тұрмағамбетов. Барлық сұрақтар бойынша Ардақ Әшімоваға хабарласуға болады: +7 778 778 1491; +7 727 237 6019 (вн.: 1580); a.ashimova@kase.kz [2018-12-05]