"Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ 2019 жылдың 01 қаңтарынан бастап халықаралық сәйкестендіру номерін қолданатыны туралы хабарлайды
04.12.18 12:31
/KASE, 04.12.18/ – "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ (Алматы)
Қазақстан қор биржасына (KASE) төмендегі ақпараттық хабарламаны
ұсынды:
...
2019 жылдың 01 қаңтарынан бастап халықаралық сәйкестендіру номерін
беру туралы.
Қазақстан Республикасының "Бағалы қағаздар нарығы туралы" заңына
сәйкес 2019 жылдың 01 қаңтарынан бастап бағалы қағаздардың және өзге
қаржы құралдарының сәйкесендірушісі ISO 6166 "Securities and related
financial instruments – International securities identification numbering system
(ISIN)" халықаралық стандартқа сәйкес "Бағалы қағаздардың орталық
депозитарийі" АҚ ұсынған халықаралық сәйкестендіру номері (ISIN коды)
болып табылады.
2018 жылдың 15 желтоқсанынан кешікпей Орталық депозитарий ISIN коды
жоқ барлық мемлекеттік және мемлекеттік емес бағалы қағаздарға ISIN
кодын ұсынады. ISIN коды туралы ақпарат Орталық депозитарий интернет-
сайтында (www.kacd.kz) "Статистика" бөлімінде жарияланады.
2019 жылдың 01 қаңтарынан бастап, бұрын ҚР Ұлттық Банкі ұсынған ұлттық
сәйкестендіру номері қолданылмайды.
Осы хабарламаға сәйкес барлық мәселелер бойынша +7 (727) 355-47-60
(ішкі номер 480, 481) телефонына және okfi@kacd.kz. электрондық мекен-
жайына хабарласуға болады.
...
[2018-12-04]