АНОНС: 2018 ЖЫЛДЫҢ 06 ЖЕЛТОҚСАНЫНДА KASE "ИНВЕСТОРЛАРМЕН (INVESTOR RELATIONS – IR) ӨАЗАРА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС НЕГІЗДЕРІ" АТТЫ СЕМИНАР ӨТКІЗЕДІ
29.11.18 11:16
/KASE, 29.11.18, 27.11.18 жаңалығын қайталау/ – Қазақстан қор биржасы
(KASE) 2018 жылдың 06 желтоқсанында қазақстандық компаниялар үшін
"Инвесторлармен өзара байланыс негіздері (Investor Relations – IR)" атты
семинар өткізетіні туралы хабарлайды.
Өтетін орны: Астана қ, Қонаев көш, 8, Блок Б, Қазақстан Республикасы
"Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының кеңсесі, "Түркістан" залы, 26-
шы қабат. Өтетін уақыты – алматы уақытымен 14:00 -ден 18:00- ге дейін.
Іс-шара спикерлері "Ernst & Young Advisory LLP", "S&P Global Ratings"
халықаралық рейтингілік агенттігі, қазақстандық компаниялар "KEGOC" АҚ
және "КазТрансОйл" АҚ компанияларының өкілдері, сондай-ақ KASE.
Әс-шарада қатысушылар компаниядағы IR-жүйесін талқылайды.
Сарапшылар IR-индустриясынң негізгі трендтері туралы әңгімелейді, IR-
жүйесін тиімді құру тәжірибесімен бөліседі.
Семинар тегін өткізіледі.
Қатысу үшін тиісті өтінімді customers@kase.kz электрондық мекен-жайына
келесі мәліметтерді жіберу арқылы тіркелу қажет:
- Үміткердің аты-жөні;
- Компания атауы;
- Компания бөлімшесінің атауы және лауазымы;
- Қызметкердің байланыс мәліметтері (қалауы бойынша).
Семинарда барлық мәселелер бойынша KASE эмитенттер мен
инвесторлармен жұмыс департаментіне
+7 (727) 237 5300
+7 (727) 237 5320 телефондарына хабарласуға болады.
[2018-11-29]