"Компания Фаэтон" ЖШС KZP01Y07G021 (KZ2P00004500, FATNb3) халықаралық облигациялары KASE ресми тізімінің KASE балама сауда-саттық алаңының "облигациялар" санатына 28 қарашасынан бастап енгізілді

28.11.18 17:18
/KASE, 28.11.18/ – Бұрын хабарлағандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2018 жылдың 21 қарашасындағы шешімімен "Компания Фаэтон" ЖШС (Алматы) KZP01Y07G021 (KZ2P00004500; 1 000 теңге, 2,0 млрд теңге; 7 жыл; жартыжылдық купон, жылдық 10,50 %; 30/360) облигациялары KASE ресми тізімінің балама сауда-саттық алаңының "облигациялар" санаты бойынша енгізуге келісім берілді. Листингілік комиссиясының аталмыш шешімі 2018 жылдың 28 қарашасынан бастап, эмитенттің Листингілік ережелерінің 5 тарауының 1 тармағы 2.2 қосымшасында анықталған шарттарды орындауына байланысты, күшіне енгізілді. Аталмыш облигациялардың биржадағы сауда-саттығы ашылғаны туралы қосымша хабарланады. Аталмыш облигацияларға тиісінше FATNb3 қысқартылған белгілері (сауда- саттық кодтары) берілді. Аталмыш облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпаратпен KASE интернет-сайтында http://kase.kz/ru/issuers/FATN/ мекен-жайында танысуға болады. [2018-11-28]