"Самұрық-Энерго" АҚ KZP03Y07F573 (KZ2С00004521, SNRGb4) облигациялары KASE балама сауда-саттық алаңының "облигациялар" санаты бойынша листинг процедурасынан өтті

27.11.18 16:30
/KASE, 27.11.18/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2018 жылдың 27 қарашасында "Самұрық-Энерго" АҚ (Астана) KZP03Y07F573 (KZ2С00004521; 1 000 теңге, 30,0 млрд теңге; 7 жыл, жылдық купон, жылдық 11,20 %, 30/360) облигациялары KASE балама сауда-саттық алаңының "облигациялар" санаты бойынша листинг процедурасынан өтті. Эмитенттің "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 2.2 қосымшасының 5 тарауы 1 тармағында анықталған шарттарды орындағаннан кейін күшіне енеді. Сондай-ақ, аталмыш акциялардың биржадағы сауда-саттығы ашылғаны туралы қосымша хабарланады. Аталмыш облигациялардың шығарылымы "Самұрық-Энерго" АҚ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде 2017 жылдың 03 тамызында жалпы сомасы 100,0 млрд теңгеге тіркелген облигациялары бірінші облигациялық бағдарламасы аясында үшінші шығарылымы болып табылады. Аталмыш облигацияларды ұстаушы өкілдері "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы "BCC Invest" (Алматы) болып табылады. "Самұрық-Энерго" АҚ қаржылық кеңесшісі "Казкоммерц Секьюритиз" ("Казкоммерцбанк" АҚ Еншілес банкі) (Алматы) болып табылады. Аталмыш акцияларға тиісінше SNRGb4 қысқартылған белгілері (сауда- саттық кодтары) берілді. Аталмыш акцияларды шығару туралы нақты ақпарат Листингілік комиссияның аталмыш шешімі күшіне енген соң KASE интернет-сайтында жарияланады. [2018-11-27]