27 қарашадан бастап "AMF Group" АҚ KZ2C0M12F988 (KZ2С00004489, AKFIb4) облигациялары KASE ресми тізіміне негізгі сауда-саттық алаңының "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша ресми тізіміне енгізілді

27.11.18 12:27
/KASE, 27.11.18/ – Бұрын хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE)Литсингілік комиссиясының 2018 жылдың 26 қазанындағы шешімімен "AMF Group" АҚ (Алматы) KZ2C0M12F988 (KZ2С00004489; 1 000 теңге, 1,5 млрд теңге; 12 ай, жартыжылдық купон, жылдық 11,00 %; 30/360) облигациялары KASE ресми тізіміне негізгі сауда-саттық алаңының "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша ресми тізіміне енгізілді: Листингілік комиссияның осы шешімі 2018 жылдың 27 қарашасынан бастап, эмитент "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 2.4 қосымшасының 6 тарауы 1 тармағының шарттарын орындауына байланысты, өз күшіне енді. Аталмыш облигациялардың Биржадағы сауда-саттықтарының ашылуы туралы қосымша хабарланады. Аталмыш облигацияларға AKFIb4 белгісі (сауда-саттық коды) берілді. Жоғарыда аталған облигациялар туралы толығырақ ақпарат KASE интернет-сайтында жуырдағы уақытта http://kase.kz/ru/issuers/AKFI/ мекен-жайында жарияланады. [2018-11-27]