Бүгін Қазақстан қор биржасында "Альфа-Банк" Еншілес Банкі АҚ KZ2C0M12F996 (KZ2С00004497, ALBNb4) 10,0 млн облигациясын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізу жоспарлануда

26.11.18 09:49
/KASE, 26.11.18/ – Бүгін, бұрын хабарлағандай, Қазақстан қор биржасы (KASE) KASE сауда-саттық жүйесінде "Альфа-Банк" Еншілес Банкі АҚ (Алматы) KZ2С0M12F996 (KZ2С00004497, KASE негізгі сауда-саттық алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, ALBNb4) арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі. --------------------------------------------------------------------- Бағалы қағаздар тұрпаты: қамтамасыз етілмеген дисконттық облигациялар Ұлттық сәйкестендіру нөмірі: KZ2C0M12F996 ISIN: KZ2С00004497 KASE сауда-саттық коды: ALBNb4 Номиналдық құны, теңге: 1 000,00 Шығарылым көлемі, теңге: тіркелген 10 000 000 000 орналастырылған – Айналыста болудың алғашқы күні: облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы аукционды өткізу күні Айналыста болудың соңғы күні: кейінірек анықталады Өтеудің басталу күні кейінірек анықталады Айналыста болу мерзімі: 12 ай Уақыттық базасы: 30 / 360 --------------------------------------------- ----------------------- Сауда-саттық күні: 26.11.18 Номиналы бойынша жарияланған көлемі, 10 000 000 000 млн.теңге: Лот көлемі, дана 1 000 Сауда-саттық заты: дисконтталған бағасы Сатуға өтінім түрлері: шектелімді және нарықтық Нарықтық өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі: % 70 Өтінім беру тәсілі: жабық Өтінімдерді қабылдау уақыты: 10:00–13:30 Өтінімдерді растау уақыты: 10:00–14:00 Кесім уақыты: 15:00 (Т+0) Төлем уақыты: 26.11.18, 15:00 Өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі: кесімді баға бойынша, Биржаның қарсылама өтінімдерді қабылдау уақытымен Өтінімдерді кесімдеу әдістемесі: бағалары кесімді бағаға тең немесе одан жоғары, өтінімдер кесімделеді Сауда-саттықты өткізу бастамашысы: "Альфа- Банк" ЕБ АҚ Сауда-саттық жүйесі секторы Debts_List_ST1 Сауда-саттық жүйесі тобы Com_Bonds_ST1_M --------------------------------------------------------------------- Өтінімде баға ретінде, бағалы қағаздың номиналды құнынан пайызбен көрсетілген, үтірден кейінгі төртінші таңбаға дейін дәлдікпен облигацияның "таза" бағасы көрсетілуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралдарының саны ретінде облигациялардың саны данамен белгіленуі тиіс. Сауда-саттыққа қатысуға тек KASE қор нарығының мүшелері өтінімдер бере алады. Өзге инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтінім бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің толық тізімі http://www.kase.kz/kz/membership мекен-жайы бойынша жарияланған. Аталмыш облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпаратпен http://kase.kz/ru/bonds/show/ALBNb4/ мекен-жайында танысуға болады. [2018-11-26]