АНОНС: 2018 ЖЫЛДЫҢ 27 ҚАРАШАСЫНДА KASE "ҚОР НАРЫҒЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ" АТТЫ СЕМИНАР ӨТКІЗЕДІ

23.11.18 11:30
/KASE, 23.11.18/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2018 жылдың 27 қарашасында "Даму" Кәсіпкерлікті дамыту қоры акционерлік қоғамымен бірлесіп, "Қор нарығының негіздері" атты семинар өткізетіні туралы хабарлайды. Өтетін орны: Алматы қ, Гоголь көшесі, 111 ("Даму" Кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ мәжіліс залы. Өтетін уақыты – алматы уақытымен 09:30 -ден 13:00- ге дейін. Іс-шара спикерлері KASE және "Сентрас Секьюритиз" АҚ жетекші сарапшылары. Семинарды өткізу уақыты қазақстандық компаниялардың отандық қор нарығы туралы білім деңгейін арттыру болып табылады. Тыңдаушылар қор нарығының негіздері, қаржы құралдарын компанияның қаржы ағымдарын бсқаруға пайдалану жөнінде қосымша ақпарат ала алады. Қатысу үшін 2018 жылдың 24 қарашасынан кешікпей, тиісті өтінімді customers@kase.kz жіберу арқылы тіркелу қажет. Барлық мәселелер бойынша +7 (727) 237 5300 +7 (727) 237 5320 телефондарына хабарласуға болады. [2018-11-23]