"Шұбаркөл көмір" АҚ KZ1C49620012 (KZ1C00000124, SHUK) жай және KZ1P49620118 (KZ1P00000137, SHUKp) артықшылықты акциялары KASE ресми тізімінің KASE негізгі сауда-саттық алаңының "стандарт" санатына 20 қарашасынан бастап енгізілді

20.11.18 11:18
/KASE, 20.11.18/ – Бұрын хабарлағандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2018 жылдың 07 қарашасындағы шешімімен "Шұбаркөл көмір" АҚ (Қарағанды) KZ1C49620012 (ISIN – KZ1C00000124) жай және KZ1P49620118 (ISIN – KZ1P00000137) артықшылықты акциялары KASE ресми тізімінің "стандарт" санаты бойынша енгізуге келісім берілді. Листингілік комиссиясының аталмыш шешімі 2018 жылдың 20 қарашасынан бастап, эмитенттің Листингілік ережелерінің 5 тарауының 1 тармағы 2.2 қосымшасында анықталған шарттарды орындауына байланысты, күшіне енгізілді. Аталмыш акциялардың биржадағы сауда-саттығы ашылғаны туралы қосымша хабарланады. Аталмыш акцияларға SHUK және SHUKp қысқартылған белгілері (сауда- саттық коды) берілген. Аталмыш облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпаратпен KASE интернет-сайтында http://kase.kz/ru/issuers/SHUK/ мекен-жайында танысуға болады. [2018-11-20]