/KASE, 19.11.18/ – Қазақстан қор биржасында (KASE) 2018 жылдың 19
қарашасынан бастап орындалуы 2018 жылдың 26 қарашасында АҚШ
долларының теңгеге бағамына апталық фьючерстің сауда-саттығы ашылды.
KASE сауда жүйесінде аталған апталық айлық келісімшартқа қысқартылған
белгісі (сауда-саттық коды) F_USDKZT181126 берілген.
Индекстер және бағалы қағаздарды бағалау комитетінің шешімімен
жоғарыда аталған фьючерстерге алғашқы теориялық бағасы бір АҚШ
долларына 365,91 теңге деп белгіленіп, KASE сауда-саттық жүйесінде
жарияланған.
Апталық фьючерспен соңғы сауда-саттық күні 2018 жылдың 23 қарашасы
болып табылады.
Мерзімдік келісімшарттар бойынша сауда-саттық Биржада жұмыс күндері
Алматы уақытымен 10:00 бастап 15:30 дейін, аталмыш сауда-саттық
бойынша клирингілік сессия Алматы уақытымен 15:30 бастап 16:00 дейін
өткізіледі
Туынды қаржы құралдарының биржалық сауда-саттығына KASE
деривативтер нарығының клирингілік қатысушылары қатыса алады, оладың
тізімі KASE интернет-сайтында
http://www.kase.kz/ru/membership/clearing_partcipants мекен-жай бойынша
жарияланды.
Биржадағы фьючерстер сауда-саттықтарының нәтижелері
http://www.kase.kz/ru/fut мекен-жайында жарияланады.
KASE деривативтер нарығының қызметін реттейтін, биржаның ішкі
құжаттарының мәтіндері
http://www.kase.kz/kz/rules_kase мекен-жайында
("Сауда-саттық" қалташасында) орналасқан.
[2018-11-19]