"Банк ЦентрКредит" АҚ KZ1P36280116 (KZ000A0H0930, CCBNp) жай акцияларына айырбасталған артықшылықты акциялары KASE ресми тізімінің KASE негізгі сауда-саттық алаңының "стандарт" санатына 14 қарашасынан бастап енгізілді

14.11.18 11:14
/KASE, 14.11.18/ – Бұрын хабарлағандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2018 жылдың 07 қарашасындағы шешімімен "Банк ЦентрКредит" АҚ (Алматы) KZ1P36280116 (ISIN – KZ000A0H0930) жай акцияларына айырбасталған артықшылықты акциялары KASE ресми тізімінің негізгі алаңының "стандарт" санаты бойынша енгізуге келісім берілді. Листингілік комиссиясының аталмыш шешімі 2018 жылдың 14 қарашасынан бастап, эмитенттің Листингілік ережелерінің 5 тарауының 1 тармағы 2.2 қосымшасында анықталған шарттарды орындауына байланысты, күшіне енгізілді. Аталмыш акциялардың биржадағы сауда-саттығы ашылғаны туралы қосымша хабарланады. Аталмыш акцияларға қысқартылған белгісі CCBNp (сауда-саттық коды) берілді. Аталмыш облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпаратпен KASE интернет-сайтында http://kase.kz/ru/issuers/CCBN/ мекен-жайында танысуға болады. [2018-11-14]