"Аскер Мунай Эксплорэйшн" АҚ KZ1C60760010 (KZ1C00001601, AMXP) облигациялары KASE ресми тізімінің KASE негізгі сауда-саттық алаңының "акциялар" санатына 12 қарашасынан бастап енгізілді

12.11.18 12:36
/KASE, 12.11.18/ – Бұрын хабарлағандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2018 жылдың 12 қарашасындағы шешімімен "Аскер Мунай Эксплорэйшн" АҚ (Алматы) KZ1C60760010 (ISIN – KZ1C00001601) облигациялары KASE ресми тізімінің балама сауда-саттық алаңының "акциялар" санаты бойынша енгізуге келісім берілді. Листингілік комиссиясының аталмыш шешімі 2018 жылдың 12 қарашасынан бастап, эмитенттің Листингілік ережелерінің 5 тарауының 1 тармағы 2.2 қосымшасында анықталған шарттарды орындауына байланысты, күшіне енгізілді. Сондай-ақ, аталмыш облигациялардың биржадағы сауда-саттығы ашылғаны туралы қосымша хабарланады. "Аскер Мунай Эксплорэйшн" АҚ қаржылық кеңесшісі және аталмыш облигациялардың ұстаушы өкілі - "SkyBridge Invest" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталмыш акцияларға қысқартылған код (сауда-саттық коды) AMXP берілді. Аталмыш облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпаратпен KASE интернет-сайтында http://kase.kz/ru/issuers/AMXP мекен-жайында танысуға болады. [2018-11-12]