/ҚАЙТАЛАУ/ KASE Директорлар кеңесі Листингілік ережелерге енгізілген түзетулерді бекітті

12.11.18 11:01
/KASE, 12.11.18, 09.11.18 жаңалығын қайталау/ – Қазақстан қор биржасы (KASE немесе Биржа) Директорлар кеңесінің 2018 жылдың 07 қарашасындағы шешімімен "Листингілік ережелер" (Ережелер) атты KASE ішкі құжатына енгізілген № 5 өзгертулер мен толықтырулар (түзетулер) бекітілді. Аталмыш түзетулер, 2019 жылдың 01 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілетін, ұлттық сәйкестендіру нөмірін қолдануға және Legal Entity Identifier (LEI) кодының бар болуын растауға қатысты нормалардан басқасы, 2018 жылдың 12 қарашасынан бастап қолданысқа енгізіледі. Аталмыш түзетулер мынадай мақсаттарда енгізілді: 1) Қазақстан Республикасының 2018жылдың 24 мамырындағы "Кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру сұрақтары бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңшығарушы актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" № 156-VI заңымен Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне жеке кәсіпкерлік субъекті болып табылатын заңды тұлғалардың құжаттарына мөрі басуды талап етуге тыйым салынуына байланысты енгізілген өзгертулер мен толықтыруларға сәйкестендіру мақсатында енгізілген 2) 2019 жылдың 01 қаңтарынан бастап бағалы қағаздарға берілген ұлттық сәйкестендіру нөмірлер жойылатынына байланысты және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағалы қағаздарға тек халықаралық сәйкестендіру нөмірлер берілетініне байланысты, бағалы қағаздарға берілген ұлттық сәйкестендіру нөмірлерін ұсыну бойынша талап алып тасталды; 3) ресми тізімде тұрған бағалы қағаздарға қатысы листингтің жеңілдетілген процедурасын қолдану мақсаттары үшін мойындалатын, қор биржаларының тізімі Astana International Exchange биржасымен толықтырылсын; 4) Биржаның бағалы қағаздарын оның ресми тізіміне енгізу мүмкіндігінен туындайтын, процедуралық нақтылаулар енгізу; 5) Акционерлік қоғам болып табылатын эмитенттердің бағалы қағаздарын "Альтернативтік" сауда-саттық алаңына енгізу және олардың осында болуы үшін осы эмитенттердің корпоративтік басқару кодекстерінің бар болуы бойынша талаппен толықтыру; 6) халықаралық практика үшін бар болуы міндетті болып табылатын, осындай практикаға ауысу мақсатында Legal Entity Identifier (LEI) кодының бар болуын растау бойынша талаппен толықтыру; 7) "ETF" түсінігін енгізуге байланыстыпроцедуралық және редакциялық нақтылауларды енгізу және ETF бағалы қағаздары үшін маркет- мейкердің бар болуы бойынша талаппен толықтыру; 8) Өзге де процедуралық және редакциялық нақтылауларды енгізу. Листингілік ережелердің жаңартылған мәтіні KASE интернет-сайтында жарияланған – http://kase.kz/files/normative_base/listing_rules.pdf [2018-11-12]