/ҚАЙТАЛАУ/ 2018 жылдың 08 қарашасынан бастап бағалы қағаздарды бағалау әдістемесіне түзетулер қолданысқа енгізіледі

12.11.18 10:52
/KASE, 12.11.18, 08.11.18 жаңалығын қайталау/ – Қазақстан қор биржасының (KASE, Биржа) Директорлар кеңесінің 2018 жылдың 12 қарашасындағы шешімімен "Бағалы қағаздарды бағалау әдістемесі" (Әдістеме) атты KASE ішкі құжатына № 12 өзгертулер мен толықтырулар (түзетулер) бекітілді, осы түзетулер 2018 жылдың 08 қарашасынан бастап қолданысқа енгізіледі. Аталмыш түзетлермен - KASE ресми тізімінің "Инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторында тұрған нарықтық бағаны анықтау тәртібі анықталды; - KASE клирингілік қызметті жүзеге асыратын мәмілелер бойынша қор нарығының қаржы құралдарының тізіміне енгізілген акциялар мен облигацияларды нарықтық бағалауды есептеу алгритмі өзгертілді; - Халықаралық қаржы ұйымдарының (ХҚҰ) облигацияларының нарықтық бағасын анықтау тәртібі белгіленді, эмитент рейтингі рейтингілік агенттіктердің халықаралық шкаласы бойынша "АА" деңгейінен төмен баға алмауы керек. Қағиданың жаңартылған мәтіні KASE интернет-сайтында http://kase.kz/files/normative_base/met_ocen_zb.pdf мекен-жайында жарияланады. [2018-11-12]