2018 жылдың 12 қарашасынан бастап KASE ішкі құжаттарына енгізілген бірқатар түзетулер қолданысқа енгізіледі

09.11.18 15:22
/KASE, 09.11.18/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Директорлар кеңесінің 2018 жылдың 07 қарашасындағы шешімімен бекітілген KASE ішкі құжаттарына келесідей түзетулер енгізілген: 1) Листингілік алымдардың көлемін, төлеу мерзімдері мен тәртібін анықтау ережелеріне № 2 өзгерту; 2) Бағалы қағаздарды "Листингілік емес бағалы қағаздар" секторына айналысқа жіберу ережелеріне № 1 өзгерту; 3) Қаржы құралдарын KASE Private Market сауда-саттық алаңына рұқсат ету ережелеріне № 1 өзгертулер мен толықтырулар; 4) KASE Startup сауда-саттық алаңына айналысқа жіюберу ережелеріне № 2 өзгертулер; 5) Директорлар кеңесінің қаржылық есеп берушілік және эмитенттердің аудиті жөніндегі комтеті туралы қағидаға № 7 өзгертулер. Жоғарыда аталған түзетулер 2018 жылдың 12 қарашасынан бастап қолданысқа енгізіледі. Листингілік алымдардың көлемін, төлеу мерзімдері мен тәртібін анықтау ережелеріне енгізілген өзгертулер "Биржалық қызметтерді жүзеге асыру ережелері" атты KASE ішкі құжатында берілген, орташа сараланған бағамның анықтамасына сәйкес келтіру мақсатында енгізілген. Бағалы қағаздарды "Листингілік емес бағалы қағаздар" секторына айналысқа жіберу ережелеріне, Қаржы құралдарын KASE Private Market сауда-саттық алаңына рұқсат ету ережелеріне, KASE Startup сауда-саттық алаңына айналысқа жіюберу ережелеріне, Директорлар кеңесінің қаржылық есеп берушілік және эмитенттердің аудиті жөніндегі комтеті туралы қағидаға енгізілген түзетулер, Қазақстан Республикасының 2018жылдың 24 мамырындағы "Кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру сұрақтары бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңшығарушы актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" № 156-VI заңымен Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне жеке кәсіпкерлік субъекті болып табылатын заңды тұлғалардың құжаттарына мөрі басуды талап етуге тыйым салынуына байланысты енгізілген өзгертулер мен толықтыруларға сәйкестендіру мақсатында енгізілген. Жоғарыда аталған құжаттардың жаңартылған мәтіндері KASE интернет- сайтында "KASE ережелері" бөлімінде http://kase.kz/kz/kase_rules/ мекен- жайында жарияланады. [2018-11-09]