KASE Директорлар кеңесі "Мемлекеттік бағалы қағаздармен Т+2 сызбасы бойынша мәмілелер жасасу тәртібі" жаңа ішкі құжатты бекітіп, "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі құжатына түзетулер енгізді

09.11.18 11:55
/KASE, 09.11.18/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Директорлар кеңесінің 2018 жылдың 07 қарашасындағы шешімімен "Мемлекеттік бағалы қағаздармен Т+2 сызбасы бойынша мәмілелер жасасу тәртібі" (Тәртіп) атты KASE жаңа ішкі құжаты бекітілді. Тәртіп Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне келісуге жолданып, уәкілетті органның мақұлдауынан кейін қолданысқа енгізіледі, бұл туралы қосымша хабарланады. Тәртіп KASE сауда-саттық жүйесінде, сауда-саттығы мен есептесулері теңгемен жүзеге асырылатын, мемлекеттік бағалы қағаздармен Т+2 сызбасы бойынша мәмілелер жасасу шарттары мен тәртібін анықтайды. Мемлекеттік бағалы қағаздардың сауда-саттығын Т+2 есеп айырысу сызбасына ауыстыру портфельдік инвестицияларды тиімдірек басқаруға себептесіп, шетелдік капиталдың ағымын арттыруға алдын ала жағдай жасайды. KASE Директорлар кеңесінің осы шешімімен "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" (Ережелер) атты KASE ішкі құжатына № 3 толықтырулар мен өзгертулер енгізілді. Аталмыш түзетулер Тәртіпке сілтемелерді қамтып, Тәртіп қолданысқа енгізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі. Тәртіп пен Ережелер KASE интрернет-сайтында, Тәртіп уәкілетті органмен мақұлданғаннан кейін жарияланады. [2018-11-09]