2018 жылдың 08 қарашасынан бастап директорлар кеңесінің шешімдері туралы ақпарат ашу қағидасына түзетулер қолданысқа енгізіледі

08.11.18 17:19
/KASE, 08.11.18/ – Қазақстан қор биржасының (KASE, Биржа) Директорлар кеңесінің 2018 жылдың 07 қарашасындағы шешімімен "Директорлар кеңесінің шешімдері туралы ақпарат ашу ережесі" (Ереже) атты KASE ішкі құжатына № 1 өзгертулер мен толықтырулар (түзетулер) бекітілді, осы түзетулер 2018 жылдың 08 қарашасынан бастап қолданысқа енгізіледі. Аталмыш түзетлермен Директорлар кеңесінің шешімдері туралы ақпарат ашу тәртібі мен шешімдері бойынша Ереже мәтіні талаптарын Қазақстан Республикасының "Акционерлік қоғам туралы" және "Бағалы қағаздар нарығы туралы" заңдарына сәйкестендіру мақсатында енгізілген. Қағиданың жаңартылған мәтіні KASE интернет-сайтында http://kase.kz/files/normative_base/SD_rules.pdf мекен-жайында жарияланады. [2018-11-08]