"Шұбаркөл көмір" АҚ KZ1C49620012 (KZ1C00000124, SHUK) жай және KZ1P49620118 (KZ1P00000137, SHUKp) артықшылықты акциялары KASE негізгі сауда-саттық алаңының "стандарт" санаты бойынша листинг процедурасынан өтті

08.11.18 11:48
/KASE, 08.11.18/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2018 жылдың 07 қарашасында "Шұбаркөл көмір" АҚ (Қарағанды) KZ1P49620118 (ISIN – KZ1P00000137) облигациялары KASE негізгі сауда-саттық алаңының "стандарт" санаты бойынша листинг процедурасынан өтті. Эмитенттің "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 2.2 қосымшасының 5 тарауы 1 тармағында анықталған шарттарды орындағаннан кейін күшіне енеді. Сондай-ақ, аталмыш акциялардың биржадағы сауда-саттығы ашылғаны туралы қосымша хабарланады. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығы және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитетінің 2013 жылдың 03 қаңтарындағы "Шұбаркөл көмір" АҚ бағалы қағаздарын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігіне сәйкес жарияланған акцияларының шығарылымын 3 899 581 жай және 130 419 артықшылықты акцияларына бөлінді, сәйкесінше KZ1C49620012 және KZ1P49620118 ұлттық сәйкестендіру номері берілген. Шығарылым A4962 номерімен эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізбесіне енгізілген. "Шұбаркөл көмір" АҚ қаржылық кеңесшісі "Евразиялық Капитал" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталмыш акцияларға тиісінше SHUK және SHUKp қысқартылған белгілері (сауда-саттық кодтары) берілді. "Шұбаркөл көмір" АҚ негізгі қызмет түрі – түрлі маркадағы энергетикалық көмірді барлау, өндіру және сату болып табылады. Аталмыш акцияларды шығару туралы нақты ақпарат Листингілік комиссияның аталмыш шешімі күшіне енген соң KASE интернет-сайтында жарияланады. [2018-11-08]