"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ "Сбербанк России" АҚ 371,4 млн АҚШ доллары сомасындағы қарыздың мерзімнен бұрын өтелгенін хабарлайды

01.11.18 15:07
/KASE, 01.11.18/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана), төмендегі баспасөз хабарламасын ұсынды: ... «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі – «Компания») Компанияның борыштық жүктемесін азайту жөніндегі стратегиясы шеңберінде 2018 жылдың 29 қазанында жеке бос ақша қаражаты, соның ішінде активтерді сатудан түскен қаржы есебінен 371 428 571,43 АҚШ доллары сомасындағы «Сбербанк России» ЖАҚ қарызын мерзімнен бұрын толық өтеді. «Сбербанк России» ЖАҚ-тан 400 миллион АҚШ доллары алғашқы сомасындағы қарызды 2014 жылы «ҚазМұнайГаз – өңдеу және маркетинг» АҚ «Шымкент мұнай өңдеу зауытын реконструкциялау және жаңғырту» жобасын қаржыландыру мақсатында алған. «ҚазМұнайГаз – өңдеу және маркетинг» АҚ 2017 жылы ҚМГ-ге қосылу жолымен қайта ұйымдастырылды. ... Толық ақпарат KASE интернет-сайтында – http://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_reliz_011118_1.pdf мекен-жайында жаряиланған. [2018-11-01]