"Кселл" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2018 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
17.10.18 11:51
/KASE, 17.10.18/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған, "Кселл" АҚ (Алматы, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің
акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2018 жылдың 01 қазанындағы жағдай
бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған KZ1C59150017 жай акцияларының жалпы саны 200 000 000
дана;
- компанияның барлық жарияланған акциялары орналастырылған;
- компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан әрқайсысы бес және
одан аса көлемдегі санына иеленген тұлғалар болып табылады:
-------------------------------------------------------------------------------
Компанияның
орналастырылған
осы атаудағы
Жай акциялар, акциялардың жалпы
Атауы дана санындағы үлесі, %
------------------------------------------ ---------------- -------------------
"ФИНТУР ХОЛДИНГС Б.В." ЖАБЫҚ ТҰРПАТТАҒЫ
СЕРІКТЕСТІГІ (FINTUR HOLDINGS B.V.)
(Роттердам, Нидерландылар Корольдігі) 102 000 000 51,00
TELIASONERA KAZAKHSTAN HOLDING B.V.
(Роттердам, Нидерландылар Корольдігі) 48 000 000 24,00
"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ
(номиналды ұстаушы) 23 040 799 11,52
"Фридом Финанс" АҚ 14 227 012 7,11
-------------------------------------------------------------------------------
[2018-10-17]