KASE 2018 жылдың үшінші тоқсаны және 9 айы қорытындылары бойынша баспасөз конференциясын өткізді

16.10.18 17:45
/KASE, 16.10.18/ – 2018 жылдың 16 қазанында Қазақстан қор биржасы (KASE) 2018 жылдың үшінші тоқсаны және 9 айындағы биржалық нарықтың жұмыс қорытындылары бойынша баспасөз конференциясын өткізді. 2018 жылдың 9 айының жұмыс қорытындысы бойынша сауда-саттық көлемі 96,3 трлн құрады теңгені немесе 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19,1 % немесе 22,7 трлн теңгеге төмендеді. Бағалы қағаздар нарығы өсімі жіне шет елдік валюта нарығы оң динамиканы көрсетті. Бағалы қағаздар нарығында өсім көлемі акциялар секторында – 2 есе, корпоративтік облигациялар – 3,4 есеге, ХҚҰ – 3 есеге өсіммен тіркелді. 2018 жылдың үшінші тоқсанындағы негізгі қорытындысы: - 10 қазанда KASE және Мәскеу биржасы (MOEX) стратегилық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды; - 2018 жылдың 01 қазанынан бастап KASE шет елдік валюталардың орталық контрагенті қызметін орындауға кірісті; - 2018 жылдың 17 қыркүйегінен бастап KASE есептесуі АҚШ долларымен листингілік еврооблигациялармен сауда-саттық іске қосылды; - 2018 жылдың 17 қыркүйегінен бастап KASE шет елдік нарығында бағам құру үшін есептесуі теңгемен (Т+1) – USDKZT_TOM АҚШ доллары бойынша келесі жұмыс күні сауда-саттық қорытындысы қолданылады. Бағалы қағаздар, шетел валюталары, ақша (репо және валюталық своптар) нарығының көрсеткіштері, сондай-ақ Биржаның 2016-2018 жылдарға арналған даму стратегиясын жүзеге асыру аясында KASE жүргізген шаралары туралы ақпарат KASE интернет-сайтында жарияланған – http://kase.kz/files/press/ru/16_10_2018_Itogi_9M_2018_rus.pdf [2018-10-16]