"Жайрем кен-байыту комбинаты" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2018 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

16.10.18 10:25
/KASE, 16.10.18/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Жайрем кен-байыту комбинаты" АҚ (Қарағанды обл., Жәйрем пос., бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2018 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған KZ1C13590019 жай акцияларының жалпы саны 6 783 460 дана, KZ1P13590115 артықшылықты акциялар саны – 11 100 дана; - компанияның 6 588 624 жай акциялары және 9 689 артықшылықты акциялары орналастырылған; - компанияның орналастырылған акцияларының бес және одан аса пайызы көлеміндегі санына иеленген жалғыз тұлға "КАЗЦИНК" ЖШС болып табылады, оның меншігінде 6 592 226 (компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан 99,91%) соның ішінде компанияның 6 588 624 жай акциясы (компанияның орналастырылған жай акцияларының жалпы санынан 100,00%) және 3 602 артықшылықты акциясы (компанияның орналастырылған артықшылықты акцияларының жалпы санынан 37,18%) бар. [2018-10-16]