2018 жылдың 16 қазанынан бастап KASE сауда-саттық жүйесінде және мәліметтер базасында "Еуразиялық банк" АҚ KZP02Y10E937 (KZ2C00003176, EUBNb16) тіркелген облигацяларының саны туралы ақпарат өзгертілді

16.10.18 09:54
/KASE, 16.10.18/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2018 жылдың 06 қыркүйегінен бастап KASE сауда-саттық жүйесінде және мәліметтер базасында "Еуразиялық банк" АҚ (Алматы) KZP02Y10E937 (KZ2C00003176, KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, EUBNb16, 100 теңге, 50,0 млрд теңге; 14.05.15 – 14.05.25; жартыжылдық купон, жылдық 9,50 %, , 30/360) TSBNb26) облигацялары бойынша келесі ақпарат өзгергені туралы хабарлады: - Тіркелген облигациялардың саны 500 000 000 -ден 400 000 000 данаға азайды; - Айналым мерзімі облигациялардың айналым күнінен бастап 10 жылдан 2 жылға өзгерді; - облигациялардың ҰСН KZP02Y10E937 -нен KZP02Y02Е934 өзгерді; - сыйақы көлемі жылдық 9,50 % -дан 11,00 %-ға өзгертілді. Аталмыш облигациялардың шығарылымы KASE интернет-сайтында – http://kase.kz/files/emitters/EUBN/eubnf9_EUBNb16_izm_111018.pdf мекен- жайында жарияланған. [2018-10-16]