"Қазхром" ТҰК" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2018 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

15.10.18 10:11
/KASE, 15.10.18/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Қазхром" ТҰК" АҚ (Актобе, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2018 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған KZ1C04180010 жай акцияларының жалпы саны 142 949 700 дана, KZ1P04180116 артықшылықты акциялар саны – 15 120 000 дана; - компанияның 7 147 485 жай акциялары және 756 000 артықшылықты акциялары орналастырылған; - компания өзінің 493 жай акциясын және 3 428 артықшылықты акциясын кері сатып алды; - компанияның орналастырылған акцияларының бес және одан аса пайызы көлеміндегі санына иеленген жалғыз тұлға KCR INTERNATIONAL B.V. (Нидерландылар Корольдігі)) болып табылады, оның меншігінде 7 795 012 (компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан 98,63%) соның ішінде компанияның 7 138 622 жай акциясы (компанияның орналастырылған жай акцияларының жалпы санынан 99,88%) және 656 390 артықшылықты акциясы (компанияның орналастырылған артықшылықты акцияларының жалпы санынан 86,82%) бар. [2018-10-15]