Еуразиялық даму банкі "Казкоммерц Секьюритиз АҚ ("Казкоммерцбанк" АҚ Еншілес ұйымы) қолдауымен 20,0 млрд теңгеге KZP06Y05E904 (KZ2D00004421, EABRK111023) облигацияларды орналастырды

12.10.18 14:35
/KASE, 12.10.18/ – Еуразиялық даму банкінің қаржылық кеңесшісі болып табылатын "Казкоммерц Секьюритиз АҚ ("Казкоммерцбанк" АҚ Еншілес ұйымы) (Алматы) төмендегі мазмұнда бірлескен баспасөз хабарламасын ұсынды: ... Еуразиялық даму банкі "Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE) сауда-саттық жүйесінде көлемі 20 млрд. теңге облигациялар шығарылымын кезекті орналастырғаны туралы хабарлады. Ағымдағы жылдың қыркүйек-қазан айларында Банк Қазақстандағы әлеуетті инвесторлармен кездесулер өткіздә және кездесу қорытындысы бойынша биылғы жылы екінші рет өзінің облигацияларын орналастыруға шешім қабылдады. Орналастырылған облигациялардың айналым мерзімі 5 жылдық жалпы номиналдық көлемі 20 млрд. теңгені құрады, купон мөлшерлемесі жылдық 9,50 пайызды құрады. Облигацияларға ағымдық банктік рейтинг деңгейінде халықаралық несие рейтингі берілді, яғни Moody’s агенттігі Baa1 рейтингін ұсынды. Сауда-саттық барысында инвесторлардан жалпы көлемі 20 млрд. теңгеге өтінім берілді. Еуразиялық даму банкінің қаржылық кеңесшісі "Казкоммерц Секьюритиз" АҚ болды. Аталмыш орналастыру қазақстандық инвесторлардың тарапынан кезекті рет Банк облигацияларына тұрақты қызығушылығын ғана емес, Банктің облигацияларын нарықтағы сақталған құбылмалылық жағдайына қарамастан, Бнак облигацияларын нарықтық орналастыруды жүргізу ... Баспасөз хабарламасының толық нұсқасымен KASE интернет-сайтында https://kase.kz/ru/news/show/1384361/ мекен-жайында танысуға болады. [2018-10-12]