10 қазаннан бастап Еуразиялық даму банкі KZP03Y04E904 (KZ2D00004413, EABRK161022) және KZP06Y05E904 (KZ2D00004421, EABRK101023) халықаралық облигациялары KASE ресми тізіміне "Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді

10.10.18 10:09
/KASE, 10.10.18/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының 2018 жылдың 10 қазанындағы шешімімен Еуразиялық даму банкі төмендегі облигациялары KASE ресми тізіміне "Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" санаты бойынша енгізілді: - KZP03Y04E904 (KZ2D00004413, 1 000 теңге, 20,0 млрд теңге; 4 жыл; жартыжылдық купон, орналастыру бойынша алғашқы аукцион қорытындысы бойынша анықталады; 360/30); - KZP06Y05E904 (KZ2D00004421, 1 000 теңге, 20,0 млрд теңге; 5 жыл; жартыжылдық купон, орналастыру бойынша алғашқы аукцион қорытындысы бойынша анықталады; 360/30). Аталмыш облигациялардың шығарылымы Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі 2015 жылдың 20 ақпанында жалпы сомасы 200,0 млрд теңгеге тіркеген Еуразиялық даму банкінің екінші облигациялық бағдарламасы аясында үшінші және алтыншы болып табылады. Еуразиялық даму банкінің қаржылық кеңесшісі "Казкоммерц Секьюритиз ("Казкоммерцбанк" АҚ) (Алматы) болып табылады. Осы облигацияларға EABRK161022 және EABRK101023 (сауда-саттық коды) берілді. Аталмыш облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат KASE интернет-сайтында таяу уақытта жарияланады http://kase.kz/ru/issuers/EABR/ [2018-10-10]